jasqazaq.kz

Желіде гауһар тасы бар әшекей бұйымдарды ұрлағандардың видеосы жария болды

25 наурыз 2017, 16:51

Екібастұзда Наурыз мейрамы күндері үш ер адам қарақшылық жасаған.

21 наурызда шамамен 13.00-де қалада Наурыз мейрамына орай іс-шаралар өтіп жатқанда үш ер адам орталық көшелердің бірінде орналасқан сауда және ойын-сауық кешеніндегі зергерлік бұйымдар сататын салонға кіріп барған. Олар гауһар тастары бар әшекей бұйымдарды көрсетуді сұраған. Осыдан кейін қаскөйлер әшекей бұйымдарды алып, сауда үйінен қашып шыққан. Полиция оларды ұстап үлгермеген. Алайда тонаушылар видео бақылау камераларына түсіп қалған. Ішкі істер басқарсмасының өкілдері әлеуметтік желілерде күдіктілер бейнеленген видеоларды жариялап, халыққа іздестіру жөнінде хабар берген. Кейін «Полезный экибастузец» тобында видео жарияланды. Онда топтың әкімшісі бір адамның іздестіріліп жатқандардың жасырынған пәтерінің мекен-жайын айтқанын хабарлады. Ер адам пәтерін сол күдіктілерге жалға берген. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

https://youtu.be/9coCP7Sr7tg

Екібастұздық ішкі істер басқармасының мәліметінше, күдіктілердің біреуі ғана ұсталған. Ол Қарағанды облысының тұрғыны. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, қалғандары іздестіріліп жатыр екен.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық