jasqazaq.kz

Жеке куәлігіңді жоғалта берме – қалтаң қағылады

23 ақпан 2023, 13:06

Бүгін Сенатта «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске және «Салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңға өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Елімізде кәмелетке толмаған балаларға берілетін паспортқа қатысты мемлекеттік баж сомасы төмендетіледі. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Сергей Карплюк айтты.

«Халықтың көші-қоны бөлігінде тиісті нормалар қамтылып отыр. Осы орайда кәмелетке толмаған балаларға берілетін паспорттар үшін мемлекеттік бажды 8 АЕК-тен 4 АЕК-ке дейін төмендету ескерілген. Сонымен қатар берілген паспорт парақтарының санына қарай мемлекеттік баждың сараланған мөлшерлемесі (16 жасқа дейінгі балаларға берілетін 22 беттен тұратын паспорт – 4 АЕК немесе 13 800 теңге, 36 бет – 8 АЕК, 48 бет – 12 АЕК) енгізілмек», — деді сенатор.

Оның айтуынша, жоғалған құжатты алғашқы жоғалтқан сәттен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде 2 және одан да көп рет қалпына келтіру үшін жүгінген кезде, жеке куәлік қайта берілгенде мемлекеттік баж мөлшері ұлғайтылады.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті