
Оңтүстік Африка Республикасының солтүстік-шығысындағы Гаутенг провинциясында жедел жәрдем көлігі бегемотқа соқтығысып қалды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Түрлі деңгейде жарақат алған жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі ауруханада ауыр халде жатыр. Соқтығысу салдарынан бегемот та аман қалмады.