jasqazaq.kz

Жеңіл-желпі жол ережесін бұзғандарға айыппұл көлемі төмендетілмек

01 мамыр 2017, 18:54

Қазақстанда жол ережесін жеңіл-желпі бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі төмендетіледі. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Әділет министрлігімен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, әкімшілік заңнаманы одан ары ізгілендіру бойынша шаралар әзірленуде. Бүгінгі күні ведомствоаралық жұмыс тобы жол қозғалысы саласындағы жеңіл-желпі әкімшілік құқық бұзушылықтың 14 құрамы бойынша айыппұлды төмендету ұсынысын әзірледі. Айта кетерлігі, жол-көлік апатының негізгі себептері саналатын Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуларға қатысты айыппұлдарды төмендету жоспарланып отырған жоқ», — деп жазды Алмас Садубаев.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық