jasqazaq.kz

Жаяу жүргіншіні қағып ізін суытты (Видео)

03 тамыз 2016, 2:29

Павлодарда Лада автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, ізін суытты. Көлігінің бейне-тіркеушісіне жазып алған куәгер Instagram желісінде орын алған оқиғаның видеосын жариялады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Абай мен М.Горький көшесінің қиылысында қара түсті Лада көлігі жаяу жүргінші жолағында 21-жастағы қызды қағып кетті. Видеода қызды өткізуге тоқтаған жүк көлігі көрініп тұр. Бір мезетте оның алдынан ВАЗ 2114 көлігі шыға келді. Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің айтуынша, жол оқиғасынан кетіп қалған көлік иесі қашып құтыла алмады. Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру шаралары жүріп жатыр. Зардап шеккен павлодарлық Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға жатқызылды.

«Көлік астында қалған қыз есін біледі, бірақ оның жағдайы ауыр. Науқастың сол бұғанасы сынған және сол табанының сүйектері сынған, — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиева.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық