jasqazaq.kz

Жауынмен күресуге – 10 млрд теңге

08 шiлде 2016, 15:31

3a7e837c654068f38874aa5ecbfb62a5_resize_w_782_h_439

Алайда, бұл қыруар қаржы «ЭКСПО» өтетін ауданға ғана суағарлар салуға жұмсалатын болды. Ktk.kz хабарлағандай, халықаралық көрме өтетін аумақты жарылқауға көшкен Астана әкімдігі 2016 жылдың 10-шы шілдесіне дейін Есілдің сол жағалауына жауған жауынның ізі де қалмайды деп сендіріп отыр.

Тура туған күнінде төпелеп жауған нөсерден Астанадағы қозғалыс қиындап, той тойлауға шыққан жұрт тізеден су кешіп кеткен еді. Тіпті мақтаулы «Бәйтеректің» шатырынан су ағып, қыдырыстың шырқын бұзды. Ал шенеуніктер бұл табиғаттың тосын құбылысы, сондықтан аса дүрлігудің қажеті жоқ деп отыр.Оның үстіне жарты сағатта нормадан екі есе артық жауын түскен. Бірақ, «ЭКСПО-ға» дейін Астана Венецияның күйін кеше бермек. Бар күшті Есілдің сол жағалауына жұмсап жатқан әкімдік су ағызатын коллектордың құрылысын 2017 жылы бітіреміз дейді. Тіпті істі шапшаңдату үшін, 3 миллиард теңге жұмсалмақ. Бюджеттен қосымша тағы 7 миллиард бөліну жоспарланып отыр. Ал оң жағалау мен қаланың ескі бөлігіне «ЭКСПО» өтпей «жарық жоқ» сыңайлы.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық