jasqazaq.kz

Жастарға жеңілдетілген несие беріле бастады

02 наурыз 2023, 11:08

1 наурыздан бастап елімізде жастардың жас шегі 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Бүгіннен бастап еліміздің 15 өңірінде жастарға арналған жеңілдетілген несие рәсімдеуге құжат қабылдау басталды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі елімізде 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беруге құжаттар қабылдау басталғанын мәлім етті.
2023 жылдың 1 наурызынан бастап кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жастарға берілетін жылдық 2,5% жеңілдікті микрокредиттер беру үшін құжаттарды қабылдау басталды. 2023 жыл ішінде барлығы 5 796 шағын несие беру жоспарлануда. Микрокредиттер 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз ісін ашу немесе кеңейту үшін, 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі. Бұл ретте қатысушылардың жасы «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ға өтініммен жүгінген кезде ескеріледі.
Микрокредиттің мөлшері 5 млн теңгеге дейін, ал қатысудың ең ұзақ мерзімі – 5 жылдан (кез келген мақсатқа), 7 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін) болуы мүмкін.
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5% — дан аспайды.
Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.
Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады. Ол ретінде жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.
Өтінім беру үшін құжаттар пакетін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалына тапсыру қажет» деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка