jasqazaq.kz

Жас жұбайлардың жанжалы түсірілген видеолардың жұмбағы шешілді (видео)

19 наурыз 2017, 21:48

Қазнетте күйеуі жігіт пен қалыңдықтың жанжалдасқаны түсірілген видеолар тарап жатыр. Әр ролик түрлі қалада түсірілген, онда айтылған сөздер бірдей. Видеоларда жас жұбайлар жұрттың көзінше жанжалдасады. Барлық видеода жастар кредит жайлы айтады. Сөйтсек, бұл акцияны «Үйлену тойы индустриясы орталығының» өкілдері ұйымдастырған болып шықты.

https://www.youtube.com/watch?v=rO4ku4gHRIg&feature=youtu.be

Жоба жетекшісі Жан Мұқановтың айтуынша, олар жобаны ашқаннан кейін осылайша жарнамалағысы келген. «Біз өз филиалдарымызды ашқан алты қалада бүгін осындай акция ұйымдастырдық. Барлық актер өз ісінің мамандары. Осылайша біз өзімізге назар аударғымыз келді. Осындай дүрлігу болады деп ойламадық. Филиалдарымызды Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Астана, Алматы және Шымкентте аштық», — деді Жан.

https://www.youtube.com/watch?v=Qnlds0MeFdo&feature=youtu.be

«Мұндай орталықтардың еліміздe аналогы жоқ. Біз үйлену тойын ұйымдастырумен айналысамыз. Тойлар өте жоғары деңгейде өткенін қалаймыз. Осы үйлену орталықтары тегін жұмыс істейді. Яғни бұл үйлену ХҚКО-лары секілді, осы орталықтардан шараны өткізуге кеңес алуға болады. Клиент біздің шара өткізіп беруімізді қаласа ғана ақша төлейді», — дейді ол.

https://www.youtube.com/watch?v=-Kv5ZSOvRPs&feature=youtu.be

Tengrinews.kz хабарлағандай, Жан Мұқановтың Zhan Alemi Group ивент-компаниясы 12 жылдан аса уақыт бойы той индустриясы саласында жұмыс істеп келеді.

https://www.youtube.com/watch?v=TBiyYzGwBqU&feature=youtu.be

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық