jasqazaq.kz

Жас мұғалім неге аз?

23 қыркүйек 2016, 23:42

maxresdefault

21 қыркүйек күні ҚР Парламент Мәжілісінің отырысында депутат Ирина Смирнова білім беру саласындағы қаржыландыру мәселесін көтеріп, қазақстандық мұғалімдердің жалақысын мың долларға жеткізу бастамасын көтерген болатын. Осы орайда BNews.kz тілшісіне Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Майра Амантаева осы мәселеге қатысты өз пікірін білдірді.

«Өте орынды, уақытында көтерілген бастама. Әрине, депуттатың бұл ұсынысын қолдаймын. Мемлекет осы салаға көптеген қаржы бөліп отыр. Назарынан тыс қалдырған жоқ. Менің білім саласында еңбек етіп жүргеніме 40 жыл болды. Бұл салада әлі де тиісті шаралар атқарылуы қажет. Олқылықтар бар. Тәуелсіз сарапшылардың мәліметінше, елімізде 340 мың мұғалім бар. Оның 61 мыңнан астамы 53-60 жас аралығында. Ал зейнет жасына шыққан ұстаздардың саны 7 мыңнан асады. Сондықтан мұғалім мамандары қартайып бара жатыр десем, қателеспеймін. Тәуелсіз сарапшылардың айтуынша, елімізде ұстаздардың тек 60%-ының жеке басында үйі бар екен. Ал қалғандары пәтер жалдап, үй-күйсіз жүр. Бұл мәселе, көбінесе, жас мұғалімдерге байланысты. Бұл – ұстаздардың әлеуметтік жағдайының төмен екендігін көрсетеді. Мысалы, жас мұғалімнің жалақысы 50 мың теңге. Ал оның бұл ақшасы қайда жетеді? Жалдап тұратын үйі, киімі, тамағы және шығындары бар», — дейді кәсіподақ төрайымы.

Сонымен қатар, Майра Амантаева жергілік билік өкілдері мұғалімдерді қосымша жұмыстарға тартатындығын айтты.

«Халықтың ұстазға деген көзқарасын өзгерту керек. Мысалы, жергілікті билік өкілдері мұғалімдерді стадиондарды толтыруға, бір керексіз кітаптарды алуға, газет-журналдарды жаздыруға, түрлі шараларға қатыстыруға құмар. Осыдан кейін мұғалімнің беделі қайдан болсын? Тіпті, педагогикалық оқу орындарына да жастардың құлшынысы аз. Себебі, бұл мамандыққа ҰБТ-дан төмен балл алғандар ғана барады», — дейді ол.

Оның айтуынша, елімізде ұстаздар мен дәрігерлердің әлеуметтік жағдайын қолдауды күшейту қажет.

«Біз дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру үшін алдымен білім саласына мән беруіміз керек. Себебі, мемлекеттің қуаттылығы оның білім деңгейімен, денсаулық және әлеуметтік жағдайымен өлшенеді. Барлық кәсіпті оқытатын мұғалімдер. Ал бүгінде олардың еңбекақысы өте төмен. Республикадағы орташа жалақының 75%-ы. Білім саласында жұмыс істеп жүрген жандардың 86%-ы әйел азаматтар. Ер азаматтардың үлесі аз. Неге олар бұл салаға бармай жатыр? Өйткені, жалақысы аз. Білімді мұғалімсіз жаңа инновациялық технологияларды меңгермейміз, ұлт жоспарын да жүзеге асыра алмаймыз. Себебі, сауатсыз маман саланы құрдымға жібереді. Сондықтан, мұғалімдер мен дәрігерлердің жағдайын жасауды – бірінші кезекте тұратын мәселелердің қатарына қосу қажет», — дейді М.Амантаева.

        bnews.kz

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты