jasqazaq.kz

Жас инспекторлар жарысы

19 тамыз 2016, 18:21

IMG_9685

Еліміздің Ішкі Істер Министрлігі әкімшілік полиция комитетінің бастамасымен Талғар қаласында 16- республикалық жас инспекторлар слетінің ашылу салтанаты өтті.   Халық қаһарманы — Ғазиз Байтасовтың құрметіне арналған жас жол сақшылары жарысына әр облыстан ең мықты деп танылған командалар қатысты. Одан бөлек, Отан көлемінде өрбіген өрендер бәсекесінде Ресей мен Қырғызстан елінен келген жас инспекторлар өнер көрсететін болады.

Байқау « Жол қозғалысы ережелерінің білгірлері», « Жас реттеуші», «Білімдар», «Жас санитар», «Қауіпсіз дөңгелек», «Саптық қарау», «Үгіт бригадалары» сияқты номинациялар бойынша өтеді. Слеттің жас қатысушылары аталған номинациялар бойынша Талғар қаласындағы «Тау Тұран» балаларды сауықтыру лагерінде бір апта бойы жарысатын болады.

IMG_9699

Шараның негізгі мақсаты- балалар мен жасөспірімдер арасында жол-көлік апатының алдын алу, жолда жүру ережесінің сақталуын  қадағалау, жас инспекторлар жұмысын жетілдіру болып табылады.

Тартысты доданың негізгі мақсаты елі мен жерін лаңкестерден қорғап, кеудесін оққа төсеген, тәуелсіз еліміздің болашағы үшін жанын қиған Тараз қаласының жол инспекторы, Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың өшпес рухына тағзым ету. Сондай –ақ, бұл слет жалпы білім беру жүйесін тереңдетуге ықпал жасап, өсіп келе жатқан ұрпақтың мәдени деңгейіне әсер етеді.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған Алматы облысы әкімінің орынбасары  Ғалымжан Әбдірайымов, қатысушыларға ақ жол тілеп, жас инспекторлар слетінің маңыздылығын атап өтті.

Дәстүрлі түрде дүбірлейтін доданың діттегені де айқын, жетістіктері де жетерлік. Осындай оң бастамалардың арқасында жол-көлік оқиғалары азаюда дейді шара ұйымдастырушылары.

IMG_9681

Республика көлемінде тұшымды жұмыс істеп келе жатқан жас инспекторлар жобасы биылғы бәсекеде 190 оқушының басын қосты. Олардың ішінде іргелес Ресей Федерациясы мен Қырғызстан елінен келген қатысушылар бар. Слеттің көздегені —   жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жас көмекшілердің әрекетімен қозғалыс ережелерінің қадағалануын насихаттау. Ал каникул кезінде оқушылардың оқыс оқиғаға тап болмауы өзекті.

СнимокНұрислам Ізтілеуов,  қатысушы:

«Бүгінгі шараға қатысуға Атырау қаласынан келдік.  Біздің команда бұл жарысқа ұзақ дайындалды. Біз аудандық, облыстық көлемде ұйымдастырылған слеттің жеңімпазымыз. Алматы бізді жақсы қарсы алды. Жеңімпаз атануға бар күшімізді аямаймыз. Қандай кедергілер болса да бәрін жеңеміз»

 

 

 

2Иван Ли, қатысушы:

«Атырау қаласының №15 мектебінің оқушысымын. Жас инспекторлар слетіне жиі қатысамын. Мен үшін ең айтулы сайыстардың бірі. Себебі әрбір бала жол жүру ережесін жетік білуі тиіс. Сондықтан біздің команданың жеңіс төрінен көрінуі үшін бар күшімді аямаймын.

Айта кетейік, слет ағымдағы айдың 25-іне дейін жалғаса түспек. Ал, жиын бастамашылары осындай оң бағыттағы байқаулар аясында жол жүру ережелерін  бұзудағы нөлдік төзімділікті жол қозғалысының жас қатысушыларының зор көмегі арқылы қалыптастырмақ.

 

 

Мақпал Ноғайбаева

27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды