jasqazaq.kz

Жараланған бас дәрігер бас қалаға жеткізілді

26 желтоқсан 2016, 18:54

Иығына оқ тиіп жараланған Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасимов Астанаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Нұрлан Қасимов 26 желтоқсан күні республикалық санитарлық авиация көлігімен республикалық травматология орталығына жеткізілді. Медициналық көмек толық көлемде көрсетілді. Жағдайы тұрақты», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен. Баспасөз қызметі ақпаратына қарағанда, 51 жастағы Нұрлан Қасимов 25 желтоқсан күні Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың травматология бөлімшесіне жеткізілген. Бұған дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының аңшылық қарумен абайсызда өзін жарақаттап алғандығы хабарланған болатын. Ол аңшылықтан кейін қаруын бөлшектемек болған.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық