jasqazaq.kz

Жанқоштың кезекті жеңісі!

22 наурыз 2023, 0:45

 

Алматыда өткен бокс кешінде жерлесіміз Жанқош Тұраров (26-0, 19 КО) титулдық жекпе-жек өткізіп, мексикалық қарсыласын жеңді. Sports.kz жазғандай, Жанқош Тұраров жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін мексикалық Алехандро Менесеспен (16-5, 9 КО) жұдырық түйістірді. Менесес чемпион болса да, Жанқоштың одан басым түсеріне күмән болған жоқ. Расында да, он екі раундқа есептелген жекпе-жек Жанқош Тұраровтың жеңісімен аяқталды. Қарсыласы оныншы раунд басталмай жатып, шайқасудан бас тартты.

Жанқош Тұраров кәсіпқой мансабындағы 27-ші жеңісіне қол жеткізіп, IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем белбеуін жеңіп алды. Алехандро Менесес кәсіпқой бокста алтыншы рет жеңіліске ұшырап, титулын қолдан берді.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті