jasqazaq.kz

Жанармай құю бекетінің операторы көз жұмды: Өрттің видеосы тарады

17 ақпан 2023, 15:31

Көкшетауда жанармай тасымалдайтын 2 автоцистерна өртеніп, соның салдарынан оператор қаза тапты.

Видеоға кенет шыққан алапат өрттен қызметкердің отқа оранып жатқан жантүршігерлік көрінісі түсіп қалған, деп хабарлайды JQ-Aqparat Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 16 ақпанда Qazaqoil жүк тиеу-түсіру станциясында жанармай таситын 2 цистерна өртеніп кеткен.

Өрт сағат 11:05-те оқшауланып, 20 минут ішінде толығымен жойылды. Өрт аумағы 35 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан жанармай құятын автоцистернада болған жанармай құю бекетінің операторы – 1988 жылы туған ер адам қаза тапты. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, – делінген хабарламада.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді, бұл туралы департаменттің ресми сайтынан немесе әлеуметтік парақшаларынан білуге ​​болады.

 

@jasqazaq.kzКөкшетауда жанармай тасымалдайтын 2 автоцистерна өртеніп, соның салдарынан оператор қаза тапты

♬ оригинальный звук — JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті