jasqazaq.kz

Жанар-жағармай құйылған цистерна өртенді

15 тамыз 2016, 15:42

20160815145608

 

 

 Бүгін 12.53-те Шымкенттегі Қорғасын теміржол вокзалында «Бейнеу-Аса» қатынасындағы жүк пойызының жанар-жағармай құйылған 60 тонналық цистернасы аударылып, отқа оранды.

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Өрт сөндірушілер жақын маңда тұрған тағы бір жанар-жағармайы бар цистернаға су сеуіп, жарылып кетпеуін қадағалады.

Өрт сөндіру кезінде полиция қызметкерлері жақын орналасқан жеке үйлердегі 125 тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді.

Өрт сөндірушілердің күш салуымен, жалын 13:58-де сөндірілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Өрт сөндіру жұмыстарына жеке құрамнан 150 адам және ОҚО өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметінің 15 бірлік техникасы, сонымен бірге облыстық жедел-құтқару жасағы, апатты медицина орталығы секілді бөлімшелер жұмылдырылды.

 

ҚазАқпарат

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық