jasqazaq.kz

Жаңаөзенде ірі көлемде ақша бопсалаған күдікті қолға түсті

09 ақпан, 13:00

Жаңаөзенде ірі көлемде ақша бопсалаған күдікті қолға түсті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қаңтарда Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция бөліміне жедел ақпарат келіп түсті. Онда белгісіз тұлғаның WhatsApp мессенджері арқылы Жаңаөзен қаласының тұрғынына және оның отбасы мүшелеріне қауіп төндіріп, ірі көлемде ақша қаражатын бопсалап жүргені хабарланған.

Аталған дерек бойынша 19 қаңтарда Жаңаөзен қаласы полиция басқармасында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес қорқытып алу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

7 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері «Бүркіт» арнайы жасағымен бірлесіп, Жаңаөзен қаласының өндірістік аймағында орналасқан дүкендердің бірінің маңында ақ түсті Lada Granta автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында автокөліктің артқы жолаушы орнында отырған күдікті анықталып, ұсталды. Күдіктіні куәгерлердің қатысуымен тінту кезінде оның үстіне киген қара түсті күртесінің оң жақ қалтасынан көк түсті изолентаға оралған, ақ түсті есірткіге ұқсас ұнтақ салынған екі орама табылып, тәркіленді. Сонымен қатар күдіктіге тиесілі ұялы телефон заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Медициналық куәландыру нәтижесінде күдіктінің ағзасынан каннабиноид метаболиттері анықталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция азаматтарға ескертеді: қорқытып ақша талап ету, бопсалау, сондай-ақ есірткі заттарын заңсыз сақтау қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Егер сіз осындай құқыққа қарсы әрекеттердің куәсі немесе жәбірленушісі болсаңыз, дереу полицияға хабарлауды сұраймыз. Уақтылы берілген ақпарат құқықбұзушылықтардың алдын алуға және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

Фото: Polisia.kz

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді