jasqazaq.kz

Жамбылда 202 мың гектар жер қайтарылды

09 наурыз 2023, 10:10

Жамбыл облысында игерілмей жатқан 202 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Осынау ұланғайыр алқап мемлекетке қайтарылғанға дейін 449 адамның меншігінде болған. Олар не өздері игермеген, не өзгеге пайдалануға (мал жаюға, шөбін шабуға, егін егуге) рұқсат етпеген.
Облыстық прокуратура араласып, жер дауы сотқа жетпей қайтарылды. Жамбыл облысында тұрғындар жайылымның тарылғанын, жер жетпейтінін айтып жиі шағымданататын. Әулиеаталықтарға төрт түлігін түлету үшін 700 мың гектар жайылымдық жер қажет болса, мемлекетке қайтарылған 202 мың гектар жайылым жайылым біраз жыртыққа жамау болады. Бос жатқан жерді қайтару «Сенім маршруты» іс шарасы аясында жүзеге асырылып келеді. «Сенім маршруты» арқылы облыс әкімі мен прокуратура өкілдері ауыл, аудандарды аралап шалғайдағы жұрттың мәселесін уақытында шешуді мақсат етіп отыр.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде