jasqazaq.kz

Жамбыл облысының бірнеше ауданында ауылдарды су басты

04 ақпан 2023, 17:03

Күннің жылынуына байланысты Жамбыл облысында еріген қар суы аулаларға жайылды. ТЖМ мәліметінше, өңірдегі ахуал бақылауда тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәселен, Тұрар Рысқұлов, Меркі және Шу аудандарында бірнеше елді мекенде аула аумақтарын еріген қар суы басқан. ЖАО және ТЖД күшімен аула аумақтарынан еріген қар суын сорып шығару және бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Рысқұлов ауданы бойынша жағдай тұрақты. 60-қа жуық адам, 6 техника және 4 мотопомпа жұмылдырылған.

Шу ауданында да осындай жағдай, ол жерде де құтқарушылар жұмыс жүргізуде.

Сарысу ауданында бір аула аумағынан су айдау жұмысы басталды.

Рысқұлов ауданының бірқатар елді мекендеріндегі жұмыс аяқталған соң күш-құралдар кезекшілік атқару және қажетті жұмысты жүргізу үшін Жақсылық ауылына жіберілді.

«Құрметті азаматтар! Есіңізде болсын, арық жүйесін уақтылы тазарту, қар шығару, арықтарды қоқыстардан тазарту және басқа да алдын алу шаралары — маңызды профилактика саналады және тұрғын үй мен көшелерді су басудың алдын алуға көмектеседі» деп ескертті ТЖМ.

Естеріңізге сала кетейік, 4-10 ақпан аралығында өңірде дауылды ескерту жарияланған.

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті