jasqazaq.kz

Жалған ақпарат таратқан жазасыз қалмайды!

11 қантар 2023, 14:39

Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан атыраулықтың бас бостандығы шектелді деп хабарлайды JQ-Aqparat Атырау облыстық соты баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында телекоммуникация желілерін пайдаланып, қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін туғызатын көрінеу жалған ақпарат таратқан жергілікті белсендіге қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен тергелген.

«Бірінші сатыдағы соттың үкімімен Д. 2022 жылғы 3 шілдеде өз пәтерінде А. С. атымен тіркелген Facebook әлеуметтік қосымшасының көмегімен ұялы телефон арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін туғызатын көрінеу жалған, шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратқан. Ол Қарақалпақстан Республикасына митингтерді басу үшін Қазақстан әскерлері жіберілгенін, әскер жіберілген жағдайда жаппай наразылық ұйымдастыруға шақырған бейнероликті жүктеген. Сот үкімімен Д. кінәлі деп танылып, оған 100 сағат мерзімге мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалған еді», — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Іс апелляцияда сот үкімінің күшін жойып, ақтау үкімін шығаруды сұраған сотталушының және оның қорғаушысының апелляциялық щағымдары бойынша қаралды.
Апелляциялық шағым қанағаттандырылмады.

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка