jasqazaq.kz

Жалақысы жоғары, көрсеткіші сорақы

04 ақпан 2023, 18:44

«Барыс» хоккей клубы құрлықтық хоккей лигасында сүреңсіз ойнап жүр. Олар қатарынан үш матчта ұтылып, турнир кестесінде көш соңына түсіп қалды. Хоккейшілердің айлық еңбекақысы бірнеше миллион теңгемен өлшенеді. Аузынан ақ май ағып жүрген ойыншылардың ел хоккейін көтеруге қаншалықты «үлес қосып» жүргені қазіргі деңгейінен-ақ байқалса керек. Күні кеше Мәскеуде жергілікті «Динамо» клубына 3:2 есебімен есе жіберді. Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында «Барыстың» бас бапкері Андрей Скабелка ойын аса ауыр өткенін, жігіттердің тең нәтижемен тарқасуға мүмкіндік туғанымен, сәттілік жетіспегенін алға тартты. «Хоккейшілер барын салды, біз қандай ойынға болсын тек бір ғана үмітпен шығамыз, мақсат біреу – тек жеңіске жету» деді А.Скабелка. Жеңіске жетуді мұрат тұтатын, ойыншыларының айлық жалақысы 27 миллион теңгеден асып жығылатын «Барыс» клубы осы жолы да елге тағы жеңіліспен қайтты.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде