jasqazaq.kz

Жалғызбасты әкені ауыл әкімі алдап кетті

20 қазан 2016, 21:27
zhiguli
Павлодар облысында жалғызбасты әкені ауыл әкімі алдап кетті
Қайыр Көшелековтың адам тасып, жәрдемақыға қосымша ретінде нәпақа тауып отырған көлігін шенеунік жөндеп беремін деген. Алайда Жигулиін екі ай ұстап, есігінің алдына моторсыз әкеп тастаған. Артық қыламын деп тыртық қылған әкімге өкпелі отағасы енді кімнен көмек сұрарын білмей отыр.

Көп балалы Қайыр Көшелеков көлігін ауладан қайта көргенде қатты қуанғанын айтады. Бірақ капотын ашқан кезде өзімді қоярға жер таппадым дейді ол.

Қайыр Көшелеков, жалғызбасты әке :

-Машинаны жүргізіп көрсем ішіндегі моторы жоқ. Көңілім қалды. Адам тағдырын шешетін әкімнің ісі осындай бола ма? Айтыңдаршы.  

Жұбайы кәмелетке толмаған 4 баласымен тастап кеткен 67 жастағы зейнеткер жайлы тамыз айында көрсеткен едік. Содан бері 3 баласына жомарт жандардың көмегімен мектеп табалдырығын аттатыпты. Жергілікті әкімдіктегілер көлігін жөндеп беруден өзге де уәдені үйіп-төккен еді. Арада екі ай уақыт өткенімен, ешқайсысы да орындалмаған.

-Екі ай бұрын жұрттан көмек сұраған Көшелековтер отбасында қазір сауын сиыры пайда болған. Сүт-айранмен қамтылған балалар үшін жуырда спутниктік теледидар да орнатылыпты. Ал ескі үйді түгел жөндеп, отын түсіріп беруге сөз берген әкімдіктегілердің уәдесі сол күйі орындалмай қалған. Үйін зорға жылытқан көп балалы әке аяз түссе жаурап қаламыз ба деп қорқады.

Әлгі ескі Жигулиді жөндетіп беруге уәде еткен әкімнің өзі орнынан табылмады. Сырқаттанып ауруханада жатқан көрінеді. Ал Қайыр Көшелековпен 17 жыл отасқан әйелі биыл көктемде 2 ұл, 2 қызын тастап үйден кеткелі оралмапты. Жәрдемақыға отын-суын сатып алған отағасы енді көлігінің қозағалтқышына қажет 80 мың теңгені қайдан аларын білмей дал.

ktk.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде