jasqazaq.kz

Жалған сөзі үшін сотталды

18 мамыр 2016, 12:15

20160513151010

Тасқала аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК 419-бабы 2-бөліміне сәйкес қылмыс жасалғаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін Жанболат Қисанов айыпты деп танылып, оның 2 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Ж.Қисанов биылғы 26 ақпанда мас күйінде Тасқала аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне медициналық көмек алуға жүгініп, сонымен бірге белгісіз үш адамның өзін ұрып-соққанын жеткізген. Сол күні оның арызы ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлімі 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Алайда тергеу барысында Ж.Қисановтың полиция қызметкерлеріне өтірік айтқаны анықталды. Яғни, ол дене жарақатын Ақтау ауылындағы өз үйінде абайсызда құлап, содан алған. Ол аудан орталығында қонатын жері болмағаннан кейін мас күйінде ауруханаға жатқызбайды деп қорқып, жалған мәлімет берген.
Үкім заңды күшіне енді.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық