Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығымен елімізде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды. Жаңа министрлікті Нұрлан Ермекбаев басқарады, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Осыған дейін Нұрлан Ермекбаев ҚР Президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарды.