jasqazaq.kz

«Жұмысқа тұрғызамын» – деп ақшасын алып кетті

15 наурыз 2017, 12:25

Шымкентте жұмысқа тұрғызамын деп алаяқтық жасап жүрген тұрғын ұсталды. Ол жәбірленушілерге 200 мың теңге шығын келтірген.

Полицейлер алаяқты қала тұрғынының арызы бойныша ұстаған. Абай полиция бөліміне арызданған азамат таныс емес адам оның сеніміне кіріп, жұмысқа орналасуына көмектесемін деп уәде бергенін көрсеткен. Сөйтіп, жалған уәдемен 100 мың теңгесін алған. Дәл осындай мазмұнда ішкі істер бөліміне тағы бірнеше тұрғын арызданған. Осыдан кейін тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, осы іске қатысы бар деген 28 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Оның бұған дейін алаяқтық бойынша сотталғаны анықталды. ҚазАқпарат хабарлағандай, тергеу кезінде оның 3 дерекке қатысы бары белгілі болды. Жұрттың сеніміне кіріп, жұмысқа орналастырып беремін деген күдікті таныстарынан ақша иеленіп, оқиға орнынан ізін суытып келіпті. Қазіргі таңда оның үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтықпен» іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер ұсталған сезіктінің өзге де қылмыстарға қатысы барлығын тексеріп жатыр.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық