jasqazaq.kz

«Zеro» Аватардан озды

02 ақпан 2023, 12:42

Өз өмірінен алынған Бағлан Әбдірайымовтың «Zero» фильмі кинотеатрдағы қаралым бойынша Голливудтың атақты туындысы «Аватардан» басып озды. Бұл туралы әнші инстаграм желісінде бөлісті, — деп хабарлайды JQ-Aqparat.

Өнер иесі оқырмандарына қарата: «Амалдан ниет жоғары! Иә, өте жақсы көрсеткіш! Халықтың қолдауы ғой. Бірақ қуануға әлі ерте. Біз енді ғана шығынның 3/1 бөлігін жинадық. Қалған күндеріміз елдің келуіне байланысты. Бастамасы жаман емес. Тек пираттар тұсау болып тұр. Мейлі, ұяты білсін. Солай бай — бағландар! Қуанышты бөлісейн дедім. Көбейе берсін! Армандарым орындалып жатыр. Қарымтасын беремін. Аман болсақ оны да сіздермен бөлісетін боламын!», — деді жазбасында.

Айта кетейік, туындының продюсері әрі бас кейіпкері – әнші Бағлан Әбдірайымов. Сюжет бойынша құмар ойынның байланған кейіпкер құрдымға түседі. Басында көңілі тоқ, қалта толы ақша болды. Кейін бұл тірлігінің болмашы дүние екенін сезеді. Айтпақшы, осы оқиға желісімен жазылған Бағлан Әбдірайымовтың «Ақ пен қара» атты кітабы бар.

Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге