jasqazaq.kz

Зеренің анасы табылды

20 ақпан 2017, 18:12

Жамбыл облысында бір жасар қызын зейнеткерлерге тастап кеткен әйел ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Меркі аудандық ІІБ қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 2017 жылдың 18 ақпанында бір жасар сәбидің анасы — Меркінің 34 жастағы тұрғыны табылып, Меркі аудандық ІІБ-ге жеткізілді. Ол қаладан шықпау туралы қолхатпен үйіне жіберілді», — деді баспасөз қызметіндегілер.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабының 1-бөлігі бойынша («Қауiптi жағдайда қалдыру») тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мерке ауданындағы ауыл тұрғындарының бірінің үйінің алдынан бір жасар қызды тауып алғаны хабарланған болатын. Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, егде жастағы ерлі-зайыпты қызды 2017 жылдың 15 ақпанында тауып алған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Зере деген есімге дыбыс берген қызды көрген.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық