jasqazaq.kz

Зерендіде темір бағанға орнатылған құбыр құлады. Жұрт жылусыз қалды (Видео)

28 наурыз 2023, 23:14

Ақмола облысындағы Зеренді кентінде жаңа жылу құбырлары қирап қалды. Темір бағандармен үш метр биікке орнатылған магистраль жылу маусымы аяқталмай жатып істен шықты. Модуль жылу қазандығы аудан орталығына былтыр бюджеттің 800 миллион теңгесіне салынған болатын. Бұл туралы КТК телеарнасы.

Андрей Светличный, Зеренді тұрғыны:

— Ой, тарс етіп құлады. Бәрі шошып, үйінен атыпатып шықты. Дәл осы уақытта көшеде жалғыз келе жатқанмын. Мынау үстіме құлағанда не болар еді?! Жел де жоқ, тып-тыныш. Жаңа құбырды дұрыс орнатпаған болар. Әйтпесе құлай ма?!

32 темір бағанға орнатылған ұзындығы 200 метрден асатын темір құбыр жалп етіп құлағанда, кей жері жарылып, ыстық су атқылаған. Зерендіні жылумен қамтитын орталық жүйе былтыр ғана пайдалануға берілген. Енді маусым аяқталмай жатып, 500-ге жуық абонент жылусыз қалды. Оның ішінде аудандық аурухана, үш балабақша мен екі мектеп бар.

Енді мына құлаған құбырларды қостанайлық мердігер компания келісімшарт талабына сай қайта қалпына келтіруге тиіс дейді әкімдіктегілер. Оның үстіне, олар өзара соттасып жатыр.

Есімхан Байғабылов, Зеренді ауданы әкімінің орынбасары:

— Бұл компаниямен қазір соттасып жатырмыз. Сапасы төмен, мына құрған қазандықтары, сол жылу жүйелері сапасы төмен, біз сотқа шағымданған болатынбыз. Қазір себебін анықтап жатырмыз. Әлі де анық түк те айта алмаймыз. Қазір орталық қазандықты қосып жатырмыз. Кешке таман үйлерге жылу беріледі.

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта