jasqazaq.kz

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі тағы өсті

18 қантар 2023, 16:05

Елдегі ең төменгі еңбекақының мөлшері 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге көтерілуіне байланысты зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегі тағы өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов Мәжіліс депуттарының сауалына жолдаған жауабында айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зейнетақымен қамсыздандырудың негізгі функциясы зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін еңбек қызметінің тоқтатылуына байланысты жоғалған тұрақты табыстың орнын толтыру болып табылады. Ең төменгі жеткіліктілік шегінің негізгі міндеті еңбекке қабілетсіз жастағы азаматтардың тыныс-тіршілігі үшін зейнетақы жинақтарының ең төменгі қажетті деңгейін қамтамасыз ету және Халықаралық еңбек ұйымының ұсыныстарын ескере отырып, олардың ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру. Осыған байланысты зейнетақы жүйесі азаматтардың зейнетақы жинақтарының көлемін төменгі жеткілікті шектен кем емес мөлшерде жинақтауды қамтамасыз етуі тиіс. Ол шаманы анықтау зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегін айқындау әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады», — деп жазады Ғ.Пірматов.

Ал ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу кезінде қолданылатын көрсеткіштердің бірі – азаматтардың өмір сүру деңгейінің ең төменгі стандартын қамтамасыз етуге арналған ең төменгі жалақы мөлшері.

«2022 жылы төменгі жеткілік шегінің өсуіне төменгі еңбекақы мөлшерінің айтарлықтай өсуі (42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін) әсер етті. Сонымен қатар Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес 2023 жылдан бастап төменгі еңбекақы мөлшері 60 000 теңгеден 70 000 теңгеге дейін ұлғайтылады. Бұл 2023 жылға белгіленген төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшеріне де әсер етті», — деліген Ұлттық басшысының жауабында.

Бүгін, 12:41
В Кентау расширяется сфера применения казахского языка
09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача