jasqazaq.kz

Зейнетақы қорынан қаржысын алғандар салықтан босатылды

12 қантар, 13:34

2021 жылдан бері зейнетақы қорынан өз қаржысын алғандар 10 пайыз көлемінде жеке табыс салығын төлеп келді. Енді биылдан бастап, Жаңа салық кодексіне сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін барлық зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылды. Бірақ бұл өзгеріс Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын азаматтарға ғана қатысты. Резидент еместер төлей береді.
Сөйтіп тұрғын үй немесе емделу мақсатындағы бір жолғы төлемдер бойынша кейінге, яғни зейнетке шыққанға дейін қалдырылған ЖТС төлеу міндеттері жойылады. Ескеретін жәйт: бұған дейін бюджетке төленген салық қайтарылмайды.
Ал әлеуметтік осал топтағы адамдар бұрынғыдай біржолғы төлемдер бойынша салықтық шегерім қолдану құқығын сақтайды. Бұл топқа:
• I, II немесе III топтағы мүгедектер;
• мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар немесе қорғаншылар;
• жетім балаларды асырап алған ата-аналар;
• әскери қимылдарға қатысқан ардагерлер;
жатады.
Толық тізім Салық кодексінің 404-бабында көрсетілген.
Егер осы санатқа кіретін азаматтар бұрын ЖТС-ты бірден төлеген болса, олар БЖЗҚ-ға өтініш беріп, растайтын құжаттарды қоса ұсынып, Жаңа кодекске сәйкес салықты БЗТ алынған күннен бастап үш жыл ішінде қайта есептеп, қайтаруды жүзеге асыра алады.

JQ-Aqparat

Сурет: shutterstock.kom

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді