jasqazaq.kz

Зейнеп Ахметова: «Тұсауды — жасы келген, науқас, жүрісі сылбыр, тұрмыс құрмаған қыз, үйленбеген жігіт кеспейді»

09 наурыз 2023, 13:43


Зейнеп Ахметова қазіргі күні дүркіретіп той беруге ғана өресі жетіп, Тұсау кесу дәстүрінің түбіне үңіліп мағынасын зерттемейтін жастарға шүйлікті.

«Тұсауды — жасы келген, науқас, жүрісі сылбыр кісілер, тұрмыс құрмаған қыз, үйленбеген жігіт кеспейді» деді Ахметова ханым.

«Үлкен кісілер ала жіп байлап, батасын береді. Ұлдікін — ісі тындырымды ер-азамат, қыздікін қимылы ширақ келіншек кеседі. Тұсаудың ақ пен қара араласып есілген ала жібі баланың алдынан тек пышақпен кесіледі! Қайшыда екі жүз бар, баланың қадамы қайшыланбасын деген мағына береді»,-деді.

Зейнеп Ахметованың айтуынша бір баланың тұсауын бірнеше бай- бағланға еліктеп, жағымпазданып, жақындасуға, достығын нығайтуға тырысатын ата- аналар бар. бірақ олар өз өмірлеріне ұнаған адамдарын тартып жатқанымен, баланың болашағына немқұрайлы қарайды екен.

«Бір баланың тұсауын үш адамның кескені де дұрыс емес. Сондай-ақ қызыл ала ,жасыл ала жіпті базардан сатып әкеп жаңалық ашуға құмар болмаңдар. Ақ пен қара араласып есілген ала жіптің мәні — балам біреудің ала жібін аттап ҰРЫ боп шықпасын деген шолақ түсінікпен емес, өмірде қатар кездесетін жақсылық пен жамандықта, қуаныш пен қайғыға жасып қалмай, тасып кетпей тең өтсін деген ниетпен байланып кесіледі! Ақ пен қара — тіршіліктің символы!

Көрінгеннің көзіне түскен, көрінгеннің энергиясын жинаған қызылала, көкала, тіпті базардағы дайын ала жіптің өзіне жүгірмей, кешке дейін телефонға телмірмей, әжелері немерелеріне ала жіпті жақсы тілеу тілеп өзі есіп дайындағаны жөн», — деп ақылын айтты.

JQ-Aqparat

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді