jasqazaq.kz

Зауыт жұмысшысы пеште тірідей жанып кетті: Таразда сотқа дейінгі тергеу басталды

28 желтоқсан 2022, 15:24

2022 жылғы 28 желтоқсанда Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz басылымына зауыт жұмысшысының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Тараз қалалық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің 1-кезекші бөліміне 10 желтоқсанда зауыттың 50 жастағы жұмысшысы металл балқыту кезінде металлды пешке итермек болғанда, өзі құлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі:

«Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі («Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» — ред.) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бейне бақылау камерасынан түсірілген бейнежазба алынды».

Таразда 50 жастағы зауыт жұмысшысы пеште тірідей жанып кеткенін хабарлаған едік. Оқиға 2022 жылғы 10 желтоқсанда таңғы сағат 7:32-де «Запчасть» АҚ металл құю цехында болды. Металл балқытып жатқан ер адам балқыту пешіне ілмекпен темір кесекті итермек болған, бірақ пешке өзі түсіп кетті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде