jasqazaq.kz

Зарина Омарова: Қай әннің хит болатынын тек халық шешеді

19 ақпан 2017, 22:49

Зарина Омарова 10 жылға жуық уақыт үлкен сахнадан алыстап кетті. Бұған тұрмыс құрып, сәбилерін дүниеге әкелуі себеп болған екен. Ол өзінің алдағы жоспарлары туралы айтып берді.
Бұл туралы “Таңшолпан” бағдарламасында айтылды.

– Көптен бері көрінбей кетуіңізге не себеп?

– Біраз өзгерістен кейін сахнаны сағынып оралып отырмын. Өнер адамы болған соң, бұл саладан оңайлықпен кете алмайсың. Бірақ әйел адамның өзіне ғана тән міндеті бар. Яғни отбасылы болып, жолдасың мен балаларыңның жағдайын жасап отыруың қажет. Қазір енді жаңа әндер жазып, жаңа бейнебаяндар түсіріп жатырмын. Бүгінде екі балапаным бар. Құдайға шүкір, ұлым – тоғызда, қызым – бесте. Біраз уақыт жолдасымның жұмыс бабымен Ақтөбе қаласында тұруыма тура келді. Қазір Алматыға қайтып келдік.

– Жақын уақытқа бағытталған қандай жоспарлар бар? Хит ән жазылды ма?

– Жуырда үнтаспа шығарып, тағы да бір бейнебаян түсірейін деп жүрмін. Ішімде жоспарлар өте көп. Соның барлығын шығарып, халқыма паш еткім келіп отыр. Негізінде, ешбір әнші “Дәл осы әнім хит болады” деп дөп басып айта алмайды. Оны ешкім білмейді, тек халық шешеді. Мысалы, жуырда халықтың алдында су жаңа әнімді орындадым. Олар бірден өздеріне ұнап қалғанын айтып жатыр. Халықтың сол әнге сұранысы көп болғандықтан, бейнебаянға да осы әнді таңдасам ба деп отырмын.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық