
Ақмола облысының полиция қызметкерлері заңсыз өткелді тапты. Степногорск қаласының полицейлері Ақсу кентінің аумағында жүргізген жедел алдын алу іс-шарасы кезінде заңсыздықтың жолын кесті. Диаметрі 1,5 метр, тереңдігі 8-10 метр болатын өткел «Алтыналмас АК» АҚ алтын өндіруші компанияға тиесілі, бірақ өндіріс жұмысы тоқтап тұрған шахталардың тереңіне бастап барады. Тәртіп сақшылары мен алтын өндіруші компания қызметкерлері өткелдің көзін жойды.
@jasqazaq.kzЗаңсыз алтын өндірушілердің жолы кесілді