jasqazaq.kz

Заңсыз көлікті “1 миллион теңгеге рәсімдеп беремін” деді (Видео)

27 қантар 2023, 22:51

Шетел көлігін заңдастыруда іздеуде жүрген темір тұлпарлар табылып жатыр. Орал қаласының тұрғыны мініп жүрген машинасының ұрланған екенін тіркеу кезінде бір-ақ білген. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Сондай-ақ шетел көлігін заңдастыру науқанынан оңай олжа таппақ болғандар да бар. Мәселен, Түркістан облысында армениялық көліктерді тіркеуден шығарып, қазақстандық ақ нөмір алып беремін деген хабарландыру тарап жатыр. Алаяқ өз қызметін миллион екі жүз мың теңгеге бағалаған. Осындай ақша берген адамның көлігін бір тәулікте тіркеуге қойып беремін деп уәде береді екен. Қазір күдікті ұсталды. Ол Қостанай облысында отырып, түркістандық жүргізушілердің қалтасын қақпақшы болған. Полицейлер алаяқтың қанша адамды алдап ақшасын алғанын анықтап жатыр.

Ермек Шәкім, Түркістан облысы ПД жедел уәкілі:

— Күмәнді хабарландыруды бірден назарға алған полицейлер күдіктіні анықтады. Ол Қостанай облысының тұрғыны болып шықты. Полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілерін қырағы болуға және осындай күмәнді ұсынатын интернеттегі хабарландыруларға сенбеуге шақырады.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді