jasqazaq.kz

Заңдастыру кезінде қылмысқа қатысы бар көліктер анықталады

26 қантар 2023, 11:32

Ақтөбеде көлік заңдастыру науқаны кезінде көрші елден ұрланған көліктер анықталып жатыр, — деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, оны тәртіп сақшылары дереу тартып алып, айыппұл тұрағына қойған. Ал жүргізушілер адал ақшаға алған көлігіміздің осы уақытқа дейін қылмысқа қатысы барын білмедік деп ақталған.

«Заңдастыру кезінде біліп тұрмын ғой. Кеше ұстағаннан кейін біліп тұрмын. Оған дейін маған ештеңе істеген жоқ. «Мынау ұрланған» деді де, жауып тастады. Төрт миллионға сатып алған ақшам далаға кетті», — дейді Ақтөбе тұрғыны Азат Нағыманов.

Бір жыл айдаған көлігінен айырылған Азат Нағыманов полиция басқармасы мен Халыққа қызмет көрсету орталығының арасында жүр. Ресей нөмірлі көлігін аудан тұрғынынан сатып алған. Тәртіп сақшыларының сөзінше, олар іздеуде жүрген, қылмысқа қатысы бар кез келген көлікті айыппұл тұрағына қоюға міндетті.

Телеарна мәліметінше, жалпы елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру басталғалы екі мыңнан аса өтініш түскен. Соның тек 200-ге жуығына ғана қазақстандық нөмір берілді. Құжат тапсырушылар көп болғандықтан, Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс кестесі де өзгерген. Енді мамандар бұрынғыдан екі сағатқа артық және сенбі күні де жұмыс істейді.

«Көбінің өтінішін қанағаттандырмай жатыр. Түрлі себеп бар. Ең алдымен — өтініштің дұрыс толтырылмауы. Одан соң былтыр 1 қыркүйектен кейін елге әкелген көлігін заңдастырғысы келеді. Кеден тексеруі немесе өзге елде қандай да бір шектеуі бар көлік болып шығады», — дейді Ақтөбе Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының міндетін атқарушы Самат Төлеуов.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді