jasqazaq.kz

Заң мен тәртіпті сақтаған елдер әлемдегі ең қауіпсіз мемлекеттер қатарында – Жеңіс Қасымбек

29 қантар, 23:21

Конституцияға енетін жаңа өзгерістерде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» сынды негізгі идеялық қағидаттарды нормативтік тұрғыда бекіту көзделген. Бұл туралы Конституциялық комиссия мүшесі, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.

«Ата Заңымыздағы «Заң мен тәртіп» қағидаты – Әділетті Қазақстан идеясын нығайтудың негізгі шешімі деп санаймын. Бүгінде әлем жұрты Қазақстанды азаматтардың құқығы мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтауға айрықша басымдық беретін ел деп таниды. Бұл бастама болашақ ұрпақ үшін бірлік пен ынтымақты, этносаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі сақтаудың берік іргетасына айналады», – деді Жеңіс Қасымбек Конституциялық реформалар комиссиясының V отырысында.
Елорда әкімі көптеген елде дамудың негізгі факторы заң үстемдігі мен тәртіптің сақталуымен байланысты екенін атап өтті. Азаматтары өзінің заң алдындағы қатаң жауапкершілігін түсінеді және заң мен тәртіпке бағыну мәдениетін қатаң ұстанады. Мұндай елдер әлемдегі ең қауіпсіз мемлекеттердің қатарында, ал адамдары мемлекеттік институттарға толықтай сенеді.

2023 жылы Мемлекет басшысы көтерген «Таза Қазақстан» идеясы да ел азаматтарының өмір салтына айналды.
«Бұл қағидатты негізгі постулаттардың бірі ретінде енгізу – азаматтардың қоршаған орта мен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін қалыптастырады. «Таза Қазақстан» – тек қоршаған ортаға қамқорлық қана емес: ой мен сөздің тазалығы, іс-әрекеттегі жауапкершілік, заңға және қоғамдық құндылықтарға деген құрмет, күнделікті өмірде мәдениетті сақтау деген сөз», – деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен бірге, Жеңіс Қасымбек әр адамды құндылық ретінде бағалайтын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасына да ерекше тоқталды.
«Жергілікті мемлекеттік органдар жұмысының жемісті болуы – халықпен жүйелі байланысты талап етеді. Тәжірибе көрсеткендей тұрғындармен тұрақты және конструктивті диалог орнату – аймақтарды кешенді дамытудағы негізгі фактордың бірі. Осыған орай аталған ұсыныстардың бекітілуін қолдаймын», – деді Жеңіс Қасымбек.

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта