jasqazaq.kz

Қызылжар өңірінде 12 мектеп жабылды

25 тамыз 2016, 12:06

a39b575413aba6e8a9ba2b96fc0138a3_resize_w_520_h_-700x388

Жаңа оқу жылы қарсаңында солтүстікте 12 бастауыш мектеп жабылған. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы хабарлады — деп жазады bnews.kz.

Білім ордалары оқушылардың аздығынан жұмысын тоқтатқан. Аймақта мұнан бөлек тағы 170 білім ошағы белгіленген нормативке сәйкес келмейді. Демек, оқушылар саны көбеймесе, алдағы уақытта жабылуы мүмкін. Ал жұмысын тоқтатқан 12 мектепте бас-аяғы 42 бала оқып келген. Оларды жақын маңдағы мектептерге орналастыру қаралуда.

«Күнделікті немесе апта сайын мектеп-интернаттарына немесе жақын орналасқан басқа мектептерге тасымалданатын болады. Жалпы облысымызда 96 техника бар. 2016 жылы бюджет есебінен тағы 8 автобус сатылып алынды. Бұл да оқушыларды тасымалдауға арналатын болады», — дейді СҚО білім басқармасының басшысы Шолпан Каринова.
Қызылжар өңірінде 519 мектеп бар. Биыл 9 мыңға жуық бүлдіршін бірінші сыныпқа бармақ. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 560 балаға артық. Аймақта үш ауысымдық білім беру проблемасы толығымен жойылды. Мектеп тапшылығы байқалған Мүсірепов және Тайынша аудандарында 2 жаңа білім ошағы бой көтерді, деп хабарлайды astanatv.kz.

kaz.365info.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық