jasqazaq.kz

Қыздар виртуалдық порнобизнестің арбауына түсіп қалған

24 желтоқсан 2016, 17:22

Қазақстандық қыздар виртуал порнобизнеске алданып қалған. Қыздарға ақшаға ер адамдардың түрлі өтініштерін веб-камера арқылы орындау қажет болған, — деп хабарлайды КТК телеарнасы.
«Модель қажет: жоғары жалақы, икемді жұмыс уақыты, жаңа құрылыстағы жайлы кеңсе» — алматылық Айяның оқиғасы осы хабарламадан басталған. Виктория есімді қыз оған аптасына 50 мың теңге төлеймін деп уәде берген. Яғни, Айя шетелдіктермен веб-камера арқылы тек әңгімелесуі қажет болған. «Көйлегімді көтеруді сұрады. Кейін төсек орнында аяғымды көрсетуді сұрады. Содан мен Викториядан «Шешінуім қажет пе?» деп сұрадым. Ол болса «Жоқ, көйлегіңді көтерме. Себебі ақша жоқ. Ақша болған кезде шешінесің» деп айтқан болатын, — дейді алматылық қыз.
Қыздың айтуынша, веб-камера арқылы шетелдіктердің көңілін аулау немесе би билеп беру — бұл олардың ең қарапайым өтініштері. «Виктория маған түрлі сайттарды, ондағы модельдерді көрсетті. Жалпы, Викторияның сайттан көрсеткен қыздарының барлығы жалаңаш болды», — деді Айя.
Алайда алматылық Айя бұл фирманың виртуал порноиндустриямен айналысатыны жайлы екінші күні ғана күдіктене бастаған. Содан қыз олардан фирманың атауы мен құжаттарын талап етеді. Бірақ жұмыс беруші не құжаттарды, не фирманың атауын да айтпады. Осылайша, веб-камера студиясының басшысы Қазақстанда заңсыз түрде бизнеспен айналыс жүргенін мойындаған.
Алматылық веб-камера модельдерінің айтуынша, жергілікті қыздар шетелдік клиенттер арасында үлкен сұранысқа ие.
Алматы қалалық ІІД өкілдері де қалада бірнеше шетел азаматының жүргені жайлы мәліметті жоққа шығармады. «Мүмкін қыздарды белгілі бір бизнес түріне алдап шақырып, бірақ расында басқа қызметке тартатын алаяқтар тобы бар шығар», — деді Алматы қалалық ІІД өкілі Салтанат Әзірбек.
Телеарна мәліметінше, заңнамада «вебкамера-бизнесі» деген түсінік жоқ. Сондықтан да мұндай бизнеспен айналысып жүргендердің қандай жаза тартатынын айту мүмкін болмай тұр.

 

serke.org

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде