
Қостанай облыстық мамандандырылған ауданаралық соты әйелін өлтірген Қарасу ауданының 32 жастағы тұрғынына сот үкімін шығарды.
Іс материалдары бойынша, 2016 жылы 6 маусымда Қарасу ауданында ер адам әйелін ен далада күтіп тұрған. Алдын ала болжам бойынша, ол кездесуге шақырған. Ол әйелінің өзіне көзіне шөп салған-салмағанын анықтағысы келген.
«Кездесу барысында ерлі-зайыпты арасында жанжал шыққан. Ер адам қызғаныш салдарынан әйеліне асхана пышағымен тоғыз рет соққы жасаған. Алған жарақатынан әйел адам оқиға орнында есін жимастан қайтыс болған», – делінген облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінде.
Сот айыпталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша кінәлі деп тапқан. Ол тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады.