
Қазақстандық могулшы Юлия Галышева Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына 7-ші алтын медальді салды.
Бүгін Шымбұлақ тау-шаңғы шипажайында қыздар арасындағы параллельді могулден сайыс мәресіне жетті. Бұл қашықтықта қазақстандық Юлия Галышева жеңіске жетті. Бұл оның Алматыдағы Универсиададағы екінші алтын медалі. Могул бойынша ақтық сайыста Юлия Галышева 73.80 ұпай жинады. Айта кетейік, бүгін осымен Қазақстан құрамасының қоржынында 7 алтын, 2 күміс, 7 қола болды. Еске сала кетсек, кеше өткен могул сайысының ақтық сынында Юлия Галышева алтын жүлдеге ие болды.
ҚазАқпарат