
Қытайдағы қазақтар арасында өткен ерекше той серуені елді таңғалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қытайдың wechat желісінде тараған бейнежазба қазақтың ежелгі тұрмыс-тіршілігін көз алдыңызға әкелгендей әсер қалдырады. Онда, үйленіп жатқан қыз-жігіт ақбоз атқа мініп, қасына жора-жолдастарын ертіп серуенге шыққан. Қаз-қатар тізілетін қымбат машиналардың орнына ат шаналарды көруге болады. Түлкі тымақ, қасқыр ішік киген қыз-жігіттер тойдың сәнін келтіріп тұр. Желі қолданушылары бұл бастамаға ризашылықтарын білдіріп, екі жасқа бақыт тілеуде. «Соңғы кездері Қытайдағы қазақтар арасында дәстүрлі той серуендері көбейіп келеді. Бұл да болса ұлтымыздың салт-дәстүрін ардақтаудың, оны бүгінгі ұрпақ санасына сіңірудің бір жолы болар», — деп жазады пікір білдірушілер.
https://www.youtube.com/watch?v=a3oSCii53SA