jasqazaq.kz

Қытайда су перілерінің мектебі ашылды (Видео)

20 желтоқсан 2016, 3:49

Қытайдың Гуанчжоу қаласында су перілерінің мектебі ашылды.
Өзгеше оқу орнына келушілер қатары күткендегіден көп болып шыққан. Оларды кәсіби сүңгуір су перісі сияқты жүзуге үйретеді. Қазір нұсқаушының жүзге жуық шәкірті бар. Бір қызығы, қыздардан басқа жігіттер де ниет білдірген. Үйрету курсы бар болғаны 3 күнге созылады, бағасы – 4 мың юань, бұл шамамен – 190 мың теңге.
Дада Ли, су перілерінің нұсқаушысы:
— Бала кезімнен су перісі болуды армандадым. Фридайвингпен шұғылдана бастағаннан-ақ су астында демімді ұзақ сақтап, жүзе аламын деген ойға келдім. Неге көрмеске?!
Хуан Сяо Ин, су перісі мектебінің оқушысы:
— Су жануарларымен бірге суда жүзіп жүргенімде жаным жай табады. Түрлі теңіз жәндіктерін көргенде, рахатқа бөленемін.

24.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық