
Қытайда дәретхана қағазын ұрлайтындарға қарсы жаңа әдіс пайда болды. Бейжіңдегі саябақта дәретханада адамның кім екенін анықтайтын арнайы құрал орнатылды. Дәретханаға кірмес бұрын адамдар терминалға жақындайды, бет- әлпеті сканерден өткеннен кейін ұзындығы 60 см дәретхана қағазы беріледі. Егер де дәретханаға қайта барғыңыз келсе, тек 9 минуттан соң оралуға болаы. Қала әкімшілігі дәретхана қағазы жиі ұрланғандықтан асындай қадамға барып отыр. Саябақ қызметкерлерінің айтуынша, бір рулон 20 минутта таусылатын. Енді құрылғы қосылғалы шығын бес есеге азайған. Бұл туралы The Telegraf агенттігіне сілтеме жасап patrul.kz хабарлады.