
Шығыс Қытайдағы Вэньчжоу қаласында бесқабатты 3 үй опырылып құлады. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлайды.
24.kz хабарлағандай, үйінділер астында адамдар қалған болуы мүмкін. Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірге апатқа не себеп болғаны туралы ақпарат келіп түспеді.