Қытайдағы Үрімжі қаласының тұрғыны қалыңдығына ұсыныс жасау үшін неке сақинасымен бірге 33 тонна тас сыйлады. Ол тасқа 1 миллион юань жұмсаған. Осылайша 4 жылдан бері кездесіп жүрген қалыңдығын куантқысы келіпті. Себебі осыдан бір жарым жыл бұрын жігіттің қалыңдығы осы «метеоритке» қатты қызыққан көрінеді. Лю Фәй әу баста жинаған ақшасына үй алғысы келгенімен, осы тасты қалыңдығына сыйға тартуды ұйғарыпты.

«Бұл біздің махабатымыздың берік әрі мәңгі болуының белгісі» -дейді жігіт. Мұндай тосын сыйлықты күтпеген қалыңдық тұрмысқа шығуға бірден келісімін беріпті. Бұл туралы ақпарат құралдары Sina порталына сілтеме жасай отырып хабарлады.

