
Биіктігі жеті метрлік мұнара қаланың ауасын тазартып тұр. Яғни шаң-тозаң мен өзге де зиянды заттарды теріп, сығып, тазартылған ауаны қайта шығарады. Бұл голландиялық суретші Даан Роосегаарденың ойлап тапқан жаңалығы.
Ең қызығы, осы шаң қалдығынан түрлі зергерлік бұйымдар жасауға да болады. Себебі тозаң құрамының 99%-ы көміртегі. Жалпы гауһартастар да осындай минералдан түзіледі. Қытай үкіметі биыл күзде ірі қалаларға осындай төрт мұнара орнатпақ. Егер құрылғы өз тиімділігін көрсетсе, бүкіл ел аумағында жобаны дамыту көзделіп отыр. Айта кеткен жөн, Қытайдың ірі қалаларында көк түтін қолқаны қабады. Бейжің, Шанхай сияқты үлкен шаһарлардағы ауаның ластану деңгейі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен нормадан 20 есеге артып кеткен.