jasqazaq.kz

Үш дүркін Олимпиада чемпионы Алматыда жүр

11 қантар 2023, 15:50

Франция спортының бағына туған спортшы, әлемнің 11 дүркін чемпионы, жазғы Олимпиада ойындарының 3 дүркін жеңімпазы, әйгілі дзюдошы Тедди Ринер Алматыда жүр деп хабарлайды JQ-Aqparat Ұлттық олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.

Еліміздің дзюдо құрамасы жаңа жылдағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастап кетті. Ерлер құрамасының ауыр салмақтағы спортшылары Алматы қаласындағы дзюдо академиясында жаттығу өткізіп жатыр. Франция дзюдо федерациясымен бірлескен оқу-жаттығу жиынында Тедди Ринер де қатысып жатыр. Балуандарымыз аңыз адам, даңқты балуанмен тәжірибе алмасады. Жеңіл салмақтардағы балуандар Алматы облысындағы «Жаңашар» олимпиадалық даярлау орталығында әзірлік жаттығуда. Бірлескен оқу жаттығу жиыны ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменовтің, әйелдер командасын баптайтын Ерлан Алпысбаевтың жетекшілігімен өтуде. Бас бапкерлердің қасында елімізге Франциядан аттай қалап шақыртқан жаттықтырушы-кеңесшілер Ксавье Монденкс пен Стефан Трайно да бар.
Дзюдошылардың оқу жаттығу жиыны 22 қаңтарға дейін жалғасады.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді