jasqazaq.kz

Үш адам ыстан уланды

29 наурыз 2023, 14:47


Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданында ыс тиіп уланған үш адам ауруханаға түсті.

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Глубокое ауданындағы жер үйде тұратын үш адам: әкесі мен екі баласы пештен шыққан ыстан уланған. 25 жастағы әкесі мен 5 жастағы қызы, 3 жастағы ұлына шұғыл түрде медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды.

«2023 жылдың қаңтарында ТЖД мамандары алдын ала жүргізген профилактикалық рейд кезінде берген ұсыныстар мен нұсқаулықтарға қарамастан олар жарықтары бар пешті пайдаланған. Соның салдарынан оқыс жағдай болды. Департамент қызметкерлері көміртегі тотығымен улану жағдайларының алдын алу үшін жыл басынан бері 36 000-нан астам тұрғын үйді аралап шыққан. Күн сайын өңірде 68 000-ға жуық тұрғынға нұсқаулық өткізілді», — деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Жер үйлердегі пештен ыс көбінесе мұржаны уақытылы тазаламаудан, жарықтардың пайда болуынан шығады дейді мамандар.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта