jasqazaq.kz

Ұрылар «дуэті» тонау кезінде тұзаққа түсті

02 ақпан 2023, 15:30

Алматы қаласында пәтер ұрлауды кәсіп еткен екі ұры кезекті қылмыс үстінде құрықталды деп хабарлайды JQ-Aqparat Polisia.kz мәліметіне сілтеме жасап.

Криминалдық полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, ұрылар «дуэті» кешкі сағат 19:40-тың шамасында бөтеннің үйін тонауға кіріп, «олжалы» шығып келе жатқанда ұсталған. Олар үйдің ішінде адам бар-жоғын алдын ала бақылап білген соң ғана іске кіріскен. Үй иесі келген залалды 500 мың теңгеге бағалдап отыр. Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Ахановтың айтуынша екі ұрыны тергеу кезінде Түркісіб ауданындағы екі пәтердің, Алмалы ауданынан да бір пәтердің дүние-мүлкін үптеп кеткені анықталды. Ұрылардың бірі, 29 жастағы күдікті бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты. 42 жастағы оның сыбайласы бұған дейін сотты болмаған. Екі ұрының бұдан басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде