jasqazaq.kz

Ұрлағаны – 10 тонна, келген шығын 8 миллион

24 қантар 2023, 10:58

Ұлытау облысының полицейлері10 тонна дизель отынын ұрлағандарды құрықтады деп хабарлайды JQ-Aqparat Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлытау облыстық Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандары жедел тексеріс жүргізу кезінде Сәтбаев қаласындағы жеке аумақтан темір бөшке тиеген жүк көлігін ұстаған.

«Полицейлер кәсіпорынның екі қызметкерін және Сәтбаев қаласының екі тұрғынын ұстады. Аталған тұлғалар жанар-жағармай жеткізумен айналысатын ЖШС-нің бірінде жүргізуші болып істеген. Дизель отынын тасымалдау кезінде күдіктілер жүктің бір бөлігін жүйелі түрде ұрлап, жұмыстан кейін оны одан әрі сату үшін арнайы жабдықталған жәшіктерге салынған контейнерге құйған. Оқиға орнында полицейлер 35 металл бөшке мен екі цистерна тапты – оларда жалпы салмағы 10 тонна дизель отыны құйылған. Келтірілген шығын көлемі шамамен 8 миллион теңге. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер ұсталған адамдардың басқа да сыбайластарын анықтап жатқанын» хабарлады Polisia.kz.

09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики