
Францияның әскери әуе күштері қыран құсын ұшқышсыз басқарылатын аппараттарды ұстауға үйретіп жатыр. Осылайша әскерилер жыртқыш құстар арқылы заңсыз бейне түсірілім жасайтын дрондармен күреспек.
31.kz хабарлағандай, әскери әуе күштерінің Мон-де-Марсан базасында қыран балапан кезінен бастап дрондарды ажыратуға үйретіледі екен. Әбден жаттыққан жыртқыш құс ұшу аппаратын көрген кезде оны жемтік деп, әп-сәтте қағып түсіретін болады. Мұндай тәжірибені француздар Голландиялық әріптестерінен үйренген. Бұл елде де кез-келген жерде еркін сатыла беретін дронға тосқауыл қою үшін қанаттылардың көмегіне жүгінеді екен.